"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағында өтіп жатқан "Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы" Халықаралық көрмесіне қатысып отыр

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығының аумағында өтіп жатқан "Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі апталығы" Халықаралық көрмесіне Маңғыстау облысы Индусттриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы В.Т. Мұстапаева жетекшілік етіп отырған Маңғыстау облысы делегациясының құрамында қатысып отыр. Делегация құрамына өңіріміздің жетекші кәсіпорындары, сонымен қатар АЭА қатысушылары "Достық полимер плюс" ЖШС, "QZ Bio" ЖШС, "KazTrub-Industries" ЖШС, "EVEREST Techno" ЖШС басшылары мен өкілдері кірді. Іс - шараның негізгі мақсаттарының бірі - өнеркәсіп салаларының тұрақты дамуына жәрдемдесу, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ мемлекет, кәсіби және бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің арасындағы тиімді диалог үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 146